Петропавл мектептерінде терроризм актісі туралы жалған хабарламалардың таралуына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Сонымен қатар білім ошақтарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету және күзетті күшейту бойынша қажетті шаралар қабылданды. Облыс орталығындағы барлық оқу орындарына жеке құрамның күштері мен құралдары бөлініп бекітілді. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті мәлімдеді.
Эльмира Кәленова