Абай облысында төтенше жағдай жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абай облысында төтенше жағдай жарияланды

17.02.2024

Абай облысының Көкпекті ауданында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Өңірде соңғы күндері 80 сантиметрге дейін қалыңдықта қар түсіп, ақтүтек боран соққан. Онымен қоймай ауа температурасы да күрт төмендеген. Салдарынан қатынас қиындап, жүздеген көлік жолда қалды. Құтқарушылар қарлы боранның құрсауында қалған адамдарды тікұшақпен эвакуциялады. 385 адамның 19-ы бала. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше қазіргі таңда қар құрсауында қалғандардың барлығы жылыту пунктеріне жеткізілген. Енді жолды тазарту және техникаларды қар үйінділеріне шығару жұмыстары жүргізіледі. Қазір Қалбатаудан Көкпектіге дейін жол ашылған.

Ұмсындық Наурызбаева

Хабарламаларға жазылу