Елімізге келетін шетелдік туристердің саны артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізге келетін шетелдік туристердің саны артты

16.02.2024

Елімізге келетін шетелдік туристердің саны артты. Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевтың дерегінше, былтыр 9 айда Қазақстанға 830 мыңнан астам шетелдік қонақ келген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1 жарым есе көп. Сырттан келген меймандардың арқасында қонақ үйлер, базар және жатақханалар 175 млрд теңгеден астам табыс тапқан. Ішкі туризм де дамып жатыр. 5 жарым млн қазақстандық ел ішінде саяхаттапты.


Хабарламаларға жазылу