Жыл сайын Қазақстанға туристік компаниялар арқылы 100 мыңға жуық адам келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жыл сайын Қазақстанға туристік компаниялар арқылы 100 мыңға жуық адам келеді

13.04.2016
Жыл сайын Қазақстанға туристік компаниялар арқылы 100 мыңға жуық адам келеді

Жыл сайын Қазақстанға екі миллионнан астам шетелдік сапармен келеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Қазақстанның туриндустрия ұлттық одағы төрайымы Инна Рей мәлім етті.

«Жалпы, Қазақстанға жыл сайын сапармен келетін адамдардың саны 2 миллионнан асады. Соның ішінде туристік компаниялардың күтіп алатындары 100 мыңға жуық.  Яғни, осы адамдар демалу үшін, көру және жаңа нысандармен танысу мақсатында елімізге сапарлайды. Бұл туристер біздің ұлттық дәстүрімізді өте жақсы көреді»,-деді И. Рей.

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі кезде Қазақстанның туристік компаниялары өздерінің қызмет көрсету тізімін жетілдіруде. Оның аясында компаниялар туристердің қызығушылығын арттыру үшін ұлттық салт-дәстүрді кеңінен таныстырып, ұлттық тағамдарды ұсынады.

«Бұл өз кезегінде тиісті нәтижелер беріп отыр. Осы ретте елімізге саяхат барысында меймандар да жақсы әсер алатынын байқап жүрміз. Сонымен қатар біз де шетелдік қонақтарға не ұнайтындығын жақсы түсіне бастадық»,-деді И. Рей.

Хабарламаларға жазылу