Елімізге келетін туристер саны екі айда 3 есеге артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізге келетін туристер саны екі айда 3 есеге артты

27.07.2023

Елімізге келетін туристер саны екі айда 3 есе артқан. Мәдениет және спорт министрлігінің хабарлауынша жаз басталғалы 250 мыңнан астам шетел азаматы қыдырып келген. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда үш есе көп. Туристердің басым бөлігі, яғни 72 проценті ТМД елдерінен келген. Қалғаны Моңғолия, Қытай, Үндістан, Оңтүстік Корея, Иран мен Америкадан келген шетелдіктер. Айта кетерлігі қазақстанға қыдырып келген Моңғолия мен Қытай азаматтары 9 есе артқан. 

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу