Солтүстік Қазақстан облысында «Жабайы жануарларды азықтандыр» атты челлендж басталды. Оны өңірдің 16 жастағы тұрғыны Станислав Гвоздёв қолға алып, кейін басқа да студенттер қолдаған. Челлендж барысында еріктілер клубы ормандарды аралап, жабайы жануарларға азық қалдырды. Олар жеңіл көлікке шөп артып алып, еліктер жүретін жерлерге қаптарды тастап, жем-шөп қалдырды. Бұл игі іс тұрақты түрде ұйымдастырылып тұрмақ.
Станислав Гвоздёв, Студент:
Жол бойында ашыққан еліктер жиі ұшырасады. Оларға қалың қардан азық тауып жеу, қозғалу қиын. Сондықтан демалыс күндері ауылға барар жолда еліктерге жем-шөп, азық қалдыру әдетке айналды. Осыған дейін оларды 5 рет кездестірдім. Егер бәріміз бірлесе әрекет етсек, мүмкін көбірек жануардың өмірін сақтап қаламыз.
Эльмира Кәленова