Ұлттық арна кішкентай көрермендеріне «Алға, Диего» мультхикаясын ұсынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арна кішкентай көрермендеріне «Алға, Диего» мультхикаясын ұсынады

21.06.2015
Ұлттық арна кішкентай көрермендеріне «Алға, Диего» мультхикаясын ұсынады

«Алға, Диего» мультхикаясында Диего атты балақай достарымен бірге  джунглиге саяхатқа аттанады. Сапар барысында  көрермендерді орман тіршілігімен және  жабайы аңдармен таныстырады. Сондай-ақ, қиындыққа тап болған жануарларға көмектеседі.

Диегоның досы теңбілшер жол бойында кездескен тапсырмаларды орындаса, Клик атты фотоаппарат көмек сұраған жан-жануарларды іздеп  табады. Ал, қоржын – құтқарғыш құралдардың жиынтығы.

Кішкентай қаһарман Диегоның басынан кешкен қызықты оқиғаларын Ұлттық арнадан тамашалай аласыздар. Мультхикая жексенбі күні сағат 11:40-та көрсетіледі. 

Хабарламаларға жазылу