Елордада «Күй күмбірі» атты челлендж басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада «Күй күмбірі» атты челлендж басталды

17.03.2023

Наурыз мейрамы қарсаңында мектеп оқушылары арасында «Күй күмбірі» атты республикалық челлендж басталды. Ұлттық аспапты насихаттауға арналған шара оқу-ағарту министрлігінің бастамасы. Челленджді бүгін Елордадағы №59-шы мектеп-лицейі бастады. Бір уақытта 100-ге жуық оқушы Құрманғазының бірнеше күйлерін тартты. Ансамбль құрамында 1-сынып пен 11-сыныпта оқитын домбырашылар да бар. Орындалған күйлердің бейненұсқасы әлеуметтік желілер арқылы таратылады. Сондай-ақ, шара барысында қыздар ұлттық би билеп, көрініс қойылып, көрме ұйымдастырылды.


Қуанар Мейман, №59 мектеп-лицейі директорының орынбасары:

Бізде мектебімізде домбыра үйірмелері жұмыс істейді. Апта бойы тек қана челленджбен шектелмейміз. Қазақтың ұлттық ойындары арқан тартыс алдағы уақытта жоспарланып отыр.

Аман Сейітхан

Хабарламаларға жазылу