Павлодар облысында көлік иелерінің салық қарызы 650 млн теңгеден асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында көлік иелерінің салық қарызы 650 млн теңгеден асты

13.02.2024

Павлодар облысында автөкөлік иелерінің салық қарызы 650 млн. теңгеден асты. Енді олардың мемлекетке берешегі мәжбүрлі түрде жиналады. Бүгінгі күні аймақта 180 мыңнан астам көлік тіркелген. Олардан мемлекеттік кіріс органдарына 2 млрд. 200 мыңға жуық теңге көлемінде қаржы түсуі тиіс болатын. Бірақ 10 мыңға жуық адам салық төлеуден жалтарып жүр. Енді оларға қатаң шара қолданылып, қарыздарына үстеме қосу арқылы өндіріледі.


Миргүл Мажимова, мемлекеттік кіріс департаментінің бас маманы:

Салықты төлемегеннен кейін салықтық бұйрық шығарылады. Содан кейін жеке сот орындаушыларына беріледі. Олар оны мәжбүрлеп өндіріп алудың өздерінің жұмыстарында көрсетілген әдіспен өндіріп алады.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу