Қостанайда 9 балабақшаның ғимаратты жалға алу мерзімі аяқталған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда 9 балабақшаның ғимаратты жалға алу мерзімі аяқталған

13.02.2024

Қостанай қаласында мемлекет пен жекеменшік әріптестігі аясында жұмыс істеп келген 9 балабақша жабылуы мүмкін. 700-ге жуық тәрбиеленушісі бар бұл мекемелер мектеп ғимараттарын жалға алып келген. 8 ақпан күні жалға алу келісім-шарты тоқтатылады. Балабақшаны көшіретін басқа орын жоқ. Балаларын өзге ғимаратқа ауыстыруға ата-аналар да үзілді-кесілді қарсы.

Бұл Қостанайдағы нөмірі 15-ші мектептің жанынан ашылған балабақша. Ата-аналар ғимаратты жалға алу мерзімі аяқталатынын тиісті орындар алдын – ала ескертпегеніне наразы. Бас-аяғы 2-3 күнде балаларды үйреншікті жерінен айырып, басқа балабақша іздеу ақылға сыймайды деп ашынады.

Дина Бексұлтанова, тәрбиеленушінің әжесі:

Бұл таза қазақша балабқша. Орыс тілі араласпаған. Менің балам орысша сөлеп жүр еді. Осында келгелі қазақша үйренді. Мына жерде бір-брімен араласып үйреніп қалды. Екінші жерге барғанда тіл табысуы бәрі қиынға соғады.

Мәтін: Мектеп ұжымы балабақшамен келісім-шартты тоқтатуға оқушы санының көбеюі себеп дейді. Мысалы бұл нысан 400 балаға шақталған болса, қазір оқушылар саны 790-ға жетіп екі есе өскен. Балабақша тұрғна бөлік босаса мұнда шағын орталық пен дарялық сыныптары көшіріледі. Алайда ата-аналар бұл уәжбен келіспейді.

Орынгүл Әбдікерімова, тәрбиеленушінің анасы:

Мысалы, менің 9-шы сыныпта оқитын баламның сыныбында 17 бала. Бала сыймаса сыныптарды қосуға болады ғой. Меніңше ондай қажеттілік жоқ. Ендеше балабақшаны неге ығыстырады?

Басқа мектептердегі жағдай да осындай. Яғни, балабақшаға жалға бермек түгілі оқушылар сыймай жатыр. Сондықтан жалға алушыларға келісім-шарт мерзімі тоқтатылатыны жайлы ескерту үш жыл бұрын жіберіле бастаған.

Тілеужан Меденқызы, қалалық білім бөлімінің әдіскері:

Қағаз түріндегі ескерту құрылтайшыларға жеке-жеке жіберіп отырдық. Қазан қараша айларында электронды түрде жібердік. О кісілерден ешқандай жауап келген жоқ.

Ал құрылтайшылар «ескертуді алғанмен талапқа сай келетін басқа ғимарат таппадық» дейді. Ең бастысы – бұл шиеленістен балалар зардап шекпеуі тиіс. Сондықтан қос тарап енді жүзбе-жүз кездесіп, түйткілдің ортақ оң шешімін табуға тырысады.

Дәуренбек Әбдібек


Хабарламаларға жазылу