Аягөзде жоғалған бала табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аягөзде жоғалған бала табылды

12.02.2024

Абай облысы Аягөз қаласында жоғалып кеткен бала аман-есен табылды. 8 жасар Мерей Иманғали үйден атпен шығып кетіп, қайтып оралмаған. Сондықтан туған туыстары алаңдап іздеу салған. Жедел түрде құтқарушылар, волонтерлар мен полиция құрамы түгелдей іздеумен айналысты. Ат, көлік, қар шанамен төңіректі түн ішінде түгел сүзіп шықты. Ауа райының қолайсыздығы бөгет болған. Бала 4 сағаттан кейін табылды. Ол алыстан өзін іздеген көліктердің жарығын көріп, солай қарай бет алған көрінеді.

Ержан Жақып


Хабарламаларға жазылу