Түркістан облысында боранды күнді адасып кеткен екі азаматтың бірі аман, екіншісі өкінішке қарай көз жұмған. Олар кеше мал іздеп шығып, бұрқасыннан үйлерін таба алмай қалған. Екеуі де Түлкібас ауданы Керейіт ауылының тұрғындары. Бірі 50 жасты алқымдаған, екіншісі 35-гі жігіт. Жоғалғандарды іздестіру-құтқару жұмыстарына төтеше жағдайлар департаментінен, жергілікті атқарушы орган мен жергілікті тұрғындардан 50-ге тарта адам жұмылдырылды. Олардан бөлек 4 техника мен 2 ұшу аппараты да көмекке келді. Жедел іздестіру тобы жоғалғандарды іргедегі Шыңбұлақ ауылы маңынан тапты. 1975 жылы туған азамат суық күнде далада жан тапсырған.
Ғани Қалмаханов