Түркістан облысында жоғалып кеткен 12 адам 4 күннен кейін табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында жоғалып кеткен 12 адам 4 күннен кейін табылды

05.01.2023

Түркістан облысында жоғалып кеткен 12 адам 4 күннен кейін аман есен табылды. Олардың барлығы бір отбасының мүшесі. 31-ші желтоқсан күні ауылдағы үйге демалуға барған. Бірақ қатты боран салдарынан жол жабылып, екі күн бойы сол жерден шыға алмай қалған. 3-ші қаңтарда Түркістан қаласына оралмағандықтан, туыстары құтқарушыларға хабар берген. Оларды іздеу үшін жол талғамайтын көлік және төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағы қолданылды. Жоғалған адамдар Бәйдібек ауданының Байжансай ауылынан табылды.  

Талғат Досалиев, облыстық ТЖД басқарма бастығы:
Тікұшақтың көмегімен Байжансай елдімекеніне барып, жолда қалған үш азаматты алып, оның ішінде бір мүгедек, екі бала Түркістан қаласына жеткіздік. Қалған тоғыз адам өз еріктерімен Байжансай елдімекенінде жолдың ашылғанын күтіп, қайтуға шешім қабылдады.

Айнұр Ақбаева 

Хабарламаларға жазылу