Қарағанды облысында жоғалған кәсіпкердің көлігі судан табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында жоғалған кәсіпкердің көлігі судан табылды

12.04.2021

 Қарағанды облысында жоғалған кәсіпкерді іздеу жұмыстары жалғасуда. Әзірге оның орта жолдағы өткелден 100 метр жерде суға батқан көлігі ғана табылды. Нұрлан Сүлейменов 8 сәуір күні Кәрім Мыңбаев ауылынан көршілес Тассуат елді мекеніне жолға шығып кеткен. 1958 жылғы азамат шаруа қожалығының басшысы. Оның із-түзсіз кеткені жөнінде полицияға 9-шы сәуір күні хабарланған. Іздестіру-құтқару жұмыстарына тікұшақ та тартылды. 

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу