Күнсұлу Закария әлемнің топ-ғалымдарының қатарына кірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Күнсұлу Закария әлемнің топ-ғалымдарының қатарына кірді

06.02.2024

Ғалым Күнсұлу Закария вакцинацияны дамытуға үлес қосқан әйелдердің әлемдік рейтингіне енді. International Woman's Day (IWD) жаһандық бастамасы ұсынған тізімде барлығы он ғалымның аты аталған. «Құрметті ғалым Күнсұлу Закария ковидке қарсы QazVac вакцинасын жасап шықты. Ол пандемияға қарсы күресте денсаулық сақтау саласындағы жаһандық бастамаларға елеулі үлес қосты», - делінген жазбада. Күнсұлу Закариямен бірге топ-ғалымдардың тізімінде «Астразенека» вакцинасын ойлап тапқан Сара Гилберт, "Пфайзер" вакцинасын жасаған Катрин Янсен, сондай-ақ Нобель сыйлығының лауреаты, биохимик Каталин Карико да бар.


Хабарламаларға жазылу