Рыбакина әлемнің топ-20 теннисшілерінің қатарына кірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рыбакина әлемнің топ-20 теннисшілерінің қатарына кірді

18.02.2020
Рыбакина әлемнің топ-20 теннисшілерінің қатарына кірді

Еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина үздік 20 теннисшінің қатарына кірді. WTA рейтингінде 2141 ұпай жинап, 25-ші орыннан 19-орынға көтерілді. Осылайша отандасымыз үздік 20-лыққа кірген тұңғыш қазақстандық теннисші атанды. Бұған дейін ең жоғары көрсеткіш Ярослава Шведоваға тиесілі болды. Ол 2012 жылы 29 қазанда шыққан WTA рейтингінде 25-орынға жайғасты.

Сонымен қатар Юлия Путинцева 34-тен 32-ге жоғарыласа, Зарина Дияс бұрынғы 63-орнын сақтап қалды. Эшли Барти әлемдік рейтингте көш бастауға ешкімге мүмкіндік берер емес. Румыниялық Симона Халеп екінші орынға тұрақтаса, чехиялық Каролина Плишкова үшінші орында тұр.

Хабарламаларға жазылу