Астанада балаларға шабуыл жасаған күдікті айыппұлмен құтылуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада балаларға шабуыл жасаған күдікті айыппұлмен құтылуы мүмкін

05.02.2024

Астанадағы тұрғын үй кешенінің бірінде балаларға шабуыл жасаған күдікті қамауға алынды. Оқиға ізімен қылмыстық іс қозғалды. Бірақ, күдікті айыппұлмен құтылыуы мүмкін. Бұған жәбір көрген балалардың ата-аналары қарсы. Ер адамның жеткіншектерге қол көтеруіне не себеп? Соққыға жығылған балалардың жағдайы қалай? Тілшіміз Нұрсұлтан Тілектес мәселенің мән жайын біліп көрді.

Бұл жәбір көрген 10 жастағы Богданның әжесі. Оның айтуынша, немересі көрші балалармен ойнап келемін деп дәлізге шыққан. Тапа-тал түс болған соң ештеңеден қауіптенбей немересін жәбере салған.

Ольга Камушкова, жәбір көрген баланың әжесі:

Немерем қатты қорқып қалған. Кешеден бері далаға шықпайды. Бүгін ата-анасымен дәрігерге тексерілуге кетті. Беті ісіп, терісі сырылған. Мұндай жағдай бұрын болмаағн. Не айтарымды да білмеймін.
Оқиға 4 ақпан күні сағат 14:30-дар шамасында болған. 13-қабатта тұратын ер адам 14-қабатқа көтеріліп, балаларға шабуыл жасаған.

Нұрсұлтан Тілектес, тілші:

Ересек ер адам мына дәлізде ойнап жүрген үш балаға қол жұмсаған. Ана бұрышта тұрған бейнебақылау камерасына жазылған таспада оның бірінші баланы ұрып, екіншісін теуіп ал, үшіншісін қылғындырғаны анық көрініп тұр.
Көршілері 30 жастағы тұрғынды жиі мас күйінде көретінбіз, - дейді. Тіпті «есірткі қабылдауы мүмкін» деп те күмәнданатындарын жасырмады. Алайда бүгінге дейін ерсі әрекетін көрмеген соң, аса қауіптенбеген.

Сәуле Мырзалиева, қала тұрғыны:

Кейбіреулер сол күні оның мас күйде болғанын айтады. Бірақ, қандай жағдайда болса да кішкентай балаларға қол көтеруге хақысы жоқ. Балалар улап-шулауы мүмкін. Десе де, оларды соққыға жығу барып тұрған қатігездік. Енді балаларымызды аулаға жіберуге қорқып қалдық.
Күдіктінің балаларға не себепті шабуыл жасағаны белгісіз. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр, - дейді полиция қызметкерлері.

Гүлмира Шырахметова, қалалық ПД баспасөз қызметінің бастығы:

Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Балалардың жасы 10,11, 12 жас. Процессуалдық кодекстің 201 бабына сәйкес басқа да ақпараттар жарияланбайды.
Денсаулық сақтау басқармасы берген ақпаратқа сүйенсек, соққыға жығылған үш баланың бет-аузы көгеріп, қабырға және мойындарына зақым келген. Ал, күдіктінің үстінен «Бұзақылық» дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Яғни, ол айыппұлмен құтылуы әбден мүмкін. Сондықтан жәбір көрген балалардың ата-аналары перзентіне қол көтерген көршісін қатаң жазалауды сұрап отыр.

Хабарламаларға жазылу