Шымкентте аңшы дүкеніне қарулы шабуыл жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте аңшы дүкеніне қарулы шабуыл жасалды

20.02.2023

Шымкент қаласында тапа тал түсте аңшылық дүкенге қарулы шабуыл жасалды. Күдікті қолындағы шолақ мылтықпен сатушыны қорқытып, сөреден «Сайга» маркалы қаруды алып кеткен. Алайда ол алысқа ұзай алмады. Күзет қызметкері ізіне түсіп, қарумен жарақаттап тоқтатқан. Оқиға орнына сол мезетте полиция да жетіп үлгерді. Дүкенге қарулы шабуыл жасаған күдікті жасы 50-ге келген Өзбекстан Республикасының азаматы болып шықты.

Ғани Қалмаханов


Хабарламаларға жазылу