Астанада балаларға шабуыл жасаған күдікті ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада балаларға шабуыл жасаған күдікті ұсталды

05.02.2024

Астанадағы тұрғын үй кешенінің бірінде балаларға шабуыл жасаған күдікті ұсталды. Бейнебақылау камерасына жазылған мына таспада ер адамның 3 балаға қол жұмсағанын көруге болады. Ол алдымен бір баланы ұрып, артынан екіншісін тепкен. Ал үшіншісін қылқындырған. Астана қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, күдікті ретінде оқиға болған көпқабқатты үйдің тұрғыны ұсталды.

Гүлмира Шырахметова, қалалық ПД баспасөз қызметінің бастығы:

Байқоңыр ауданының полиция басқармасы осы тұрғын үй кешенінің 30 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Нұрсұлтан Тілектес


Хабарламаларға жазылу