Майқайыңда іздестіру-құтқару жұмыстары тоқтатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Майқайыңда іздестіру-құтқару жұмыстары тоқтатылды

05.02.2024

«Майқайыңалтын» кен байыту комбинаты аумағында іздестіру-құтқару жұмыстары тоқтатылды. Бұл мәліметті Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаменті таратты. Арнайы зертеу кезінде шыңырау табанында топырақ құрылымы өзгеріп, қопсып тұрғаны анықталған. Ойық қабырғалары да жарылған. Астында бос қуыс көп. Тағы опырылып, сол аумақта жұмыс істеп жатқан адамдарды басып қалуы мүмкін. Осыған байланысты өнеркәсіптік қауіпсіздік, тау-кен, геологиялық жұмыстар саласындағы сарапшылар шақыртылып, апат болған аумақ тұтастай қайта тексерілмек. Содан кейін іздестіру-құтқару жұмыстарын қайта жалғастыру немесе толық тоқтату туралы қорытынды шығарылады.

Болат Аманбаев


Хабарламаларға жазылу