Ғ. Бейсембаев: Мұғалімдер кешке рейдке шығуға міндетті емес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғ. Бейсембаев: Мұғалімдер кешке рейдке шығуға міндетті емес

03.02.2024

«Мұғалімдер мереке күндері полицейлермен бірге кезкшілік атқаруға міндетті емес». Ұлттық арнаның «Жедел желі» бағдарламасына берген сұхбатында, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев осылай деді. Бағдарламаға сауал жолдаған мұғалімдердің көпшілігі, кешке оқушылардың қайда барып, не істеп жүргенін қадағалау үшін полицейлермен бірге кешкі рейдтерге жиі шығатынын айтып шағымданды.

Ғани Бейсембаев, ҚР Оқу-ағарту министрі:

Жалпы тиісті органдар бар олар жауап беруі керек. Мұғалім түгелі дерлік баланың сапалы білім алуына жауапты болуы керек. Біз оы мәселеге қатты көңіл бөліп отырмыз.

Сондай-ақ, министр ұстаздар қауымын қағазбастылықтан арылту мәселесі өзекті екеніне тоқталды. Оның айтуынша, жеке меншік білім мекемелерінде басшылықтың ойлап тапқан есебі көбейген. Осы түйткілді шешу үшін қазір министрлік «Ұлттық білім беру деректер қорын» жетілдіріп жатыр, - деді ведомство басшысы.


Хабарламаларға жазылу