Тұтынушылар құқығын қорғау ұйымының өкілдері балмұздақ аларда санитарлық жағдайына аса мән беру керектігін айтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тұтынушылар құқығын қорғау ұйымының өкілдері балмұздақ аларда санитарлық жағдайына аса мән беру керектігін айтады

12.07.2019

Дәл қазір балмұздақтың саудасы қызатын сәт. Шөлімізді осы салқын дәммен басамыз. Балалардың да, үлкендердің де бас тарта алмайтын тәттісі. Алайда біз сол ақ мұз дәмнің қалай, қай жерде дайындалатынын сұрамаймыз.  Ал Тұтынышулардың құқығын қорғау ұйымының өкілдері балмұздақ сатып аларда оның санитарлық жағдайына аса мән беру керектігін айтады. Сөйтіп өз кеңестерімен бөлісті.  

 

Өткен жылы Шымкентте 200-ге жуық адам балмұздақ жеп ауруханадан бір-ақ шыққан еді. Тексеру кезінде  сатушыдан жұқпалы инфекция анықталды. Ең сорақысы, кәсіпкердің балмұздақ сатуға рұқсаты да болмаған. Одан кейін фонтанның суына  қасығын жуып  жатқан мына келіншектің әрекеті де әлі естен шыға қойған жоқ. Алайда дәмі тіл үйірер тәттіні көргендер мұндай әрекеттерге көз жұма қарайды.

 

- Иә, жеймін. Шоколад дәмімен. Жоқ сертификат сұрағаным жоқ.

- Сатып жатыр ғой енді, құжаттары бар шығар...

- Тәтті жақсы, ниетімен сатқан соң сапасы дұрыс болатын шығар...

 

Балмұздақтың әсіресе құймалысы мен қолдан салып беретіні қауіпті дейді мамандар. Ашық аспан астында сатылатын салқын дәмнен ішек ауруларын жұқтыруыңыз мүмкін. Сол үшін бұл нүктелерді күнде бақылап тұрса да артық болмас еді. Алайда кәсіпкерлерге кедергі келтірмеу керек деген желеумен, бұл сауда түрі жоспарсыз тексеруден босатылған.

 

Тұрсын Жағыпарова, «Тұтынушылардың құқығын қорғау» ҚБ төрағасының орынбасары:

 

Олардың қайсысы заңды, қайсысы заңсыз бүгінгі күнге оған ешкім статистика жүргізіп отырған жоқ. Нақты уланды, жедел жәрдем шақырды. Бірақ анау сатып алған балмұздақтың қағаздарын барлығын лақтырып жіберген. Қолыңызда чек болғанда , балмұздақтың өзі болмаса да , осындай күні алғанмын, осы балмұздақтан уландым деуге болады. Сол кезде оны сотқа беріп, моральдық шығын талап етуге болады.

 

Өткен жылы Елордадағы 22 балмұздақ сату орны тексерілген. Соның 80 пайызы нормативтік және санитарлық талаптарға  сай келмепті. Бұрын оларға салынатын айыппұл 20 айлық есептік көрсеткіш болатын.  Бұл — 50 мың теңге. Ал қазір айыппұл 10 есеге өсіп, заң бұзғандар 600 мыңға жуық теңге төлейтін болды.    

Айнұр Даулетбаева, ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бөлім басшысы:

Ішек таяқшалары анықталды 80 пайызында өнімнің. Балмұздақ дайындайтындардың арнайы цехтары болған жоқ. Арнаы киім болмауы. Айыпұл салынды.. Қол жуу жағдайы бар ма, таза су бар ма, жоқ па. Көбіне көріп жатамыз қасықтар далада, қайда жуылатыны белгісіз. Кейде лас суға қасықты салып қояды. Суда күні бойы тұрады. Ол су қайдан келді белгісіз...

Сол себепті тәтті тағамды алмас бұрын, саудалайтын маманның тазалығына аса мән беріңіз.

 

Тұрсын Жағыпарова, «Тұтынушылардың құқығын қорғау» ҚБ төрағасының орынбасары:

 

Мен бірінші сатып алғанда оның сертификатын сұраймын. Сертификатың бар ма, егер болмаса ол жерден бастарту керек. Неге десеңіз сертификат оны дәлелдейді. Нақты сол тағам жақсы екенін. Балмұздақ сатқан сатушынын міндетті түрде санитарлық  кітапшасы болу керек. Ол науқас емес, кәсіпкер оны ылғи тексеріп отыруы қажет. Анау сатып тұрған сатушынын қолында  міндетті түрде перчаткиі болуы керек. Сатушының бейджигі болуы керек, ол жерде таразы болуы керек.

 

Сәуле Алдамұратқызы , тілші:

Алайда, шөл қысқанда, кезек тосқанда көпшілігіміз тәтті өнім жайлы тәптіштеп сұрап, тексеріп жатпаймыз. Балмұздақ көрсе, әсіресе, балақайлар шыдамсыз. Балмұздақтың дені сүт өнімдерінен жасалатыны белгілі. Сол себепті ақ жейік, бірақ сақ жейік...                       

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу