Шаруаларға субсидия беруде заңсыздықтар анықталған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шаруаларға субсидия беруде заңсыздықтар анықталған

02.02.2024

Мемлекеттік субсидияны алу мұң. Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары балық шаруашылығы саласындағы біраз былықтың бетін ашты. Салауат Мүксімовтің айтуынша, шаруалар субсидияны Егов порталы арқылы қайтарымсыз негізде алуы керек. Бірақ субсидия алғысы келетін балықшылар қазір «е-балықшы» сайтына жүгінуге мәжбүр. Тіпті, жеке меншік компанияға тиесілі порталға тіркелгені үшін жыл сайын 55 мың теңге төлейді. Бұл заңсыз. Сондықтан балық шаруашылығымен айналысатындарға қазір субсидияны мемлекеттік порталдар арқылы беру мәселесі қаралып жатыр, - дейді агенттік өкілі.


Хабарламаларға жазылу