Үржар ауылында гемодиализ орталығы ашылды. Онда бір күнде 20 науқас ем алады. Бүйрек жетіспеушілігіне шалдыққандар бұрын 600-700 шақырым жол жүріп, облыс орталығына немесе басқа қалаға аптасына 3 рет баруға мәжбүр болған. Енді алысқа бармай-ақ ауылда емделуге мүмкіндік алып отыр. Жалпы соңғы жылдары Абай облысындағы шалғай аудандар заманауи медициналық қондырғылармен жабдықталып жатыр. Былтырдың өзінде бюджеттен 10 млрд-дан астам теңге бөлініп, түрлі жабдық алынған. Ал Көкпекті, Аягөз, Үржар аудандарында гемодиализ орталықтары іске қосылды.
Дастан Нұрсайынұлы, гемодиализ орталығының меңгерушісі:
Науқастарымыз диализге байланғандықтан 4 сағатқа Семейге барып отыратын. Дүйсенбі күні диализ алса, сәрсенбі күні қайта баруы керек. Бұрын ауа райының қолайсыздығына байланысты ол кісілерді санавиация көліктері, ұшақтары келе алмайтын мына жаққа.
Ержан Жақып