Байқоңырда гемодиализ орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Байқоңырда гемодиализ орталығы ашылды

03.02.2024

Байқоңыр қаласында Қазақстан азаматтары үшін гемодиализ орталығы ашылды. Созылмалы бүйрек ауруына шалдыққан науқастар енді алысқа бармай-ақ, жақын жерден ем-дом алады. Жалпы ғарышкерлер қалашығында 10 адам осындай сырқатпен тіркелген. Олар бұған дейін ем алу үшін аптасына үш рет 100 шақырым жердегі Қазалы ауданына қатынап әбігерге түсетін. Жаңа орталықтың ашылуымен бүйрек ауруы бар науқастар жол азабынан құтылды. Емдеу орны күніне 10 адамды қабылдай алады. Байқоңырдың іргесіндегі Ақай, Төретам елдімекендері тұрғындарының да, ем алуына мүмкіндік бар.

Эльмира Рысбаева, ем алушы:

Бүгін енді алғашқы күніміз осы Байқоңырда диализ алып жатырмыз. Өте қуаныштымыз. Қазалыға қатынап жүрдік енді қаншама жыл бойы. Екі ортада жол шаршатады.


Хабарламаларға жазылу