Шығыс Қазақстан облысының шалғай ауылында ПТР зертханасы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстан облысының шалғай ауылында ПТР зертханасы ашылды

21.06.2021

Шығыс Қазақстан облысының шалғай ауылында ПТР зертханасы ашылды. Орталық күніне 200 адамға сынама жасай алады. Осылайша, Үржарлықтар енді птр тест тапсыру үшін қалаға сабылмайтын болды. Қытаймен шекаралас бұл аймақта шамамен 80 мыңға жуық адам тұрады. Өңір қазір "жасыл аймақта" болса да, короновируспен күрес жалғасып жатыр. Аудан халқының 7 мыңы вакцина алған. Дәрігерлер мерекесі қарсаңында аудандық аурухананың материалдық базасы да жаңартылып, компьютерлік томография орнатылды. Сондай-ақ, 2 кислород станциясы салынды.

Шұғыла Тұрсынбекова, Үржар аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары:
Оның біреуі аурухана жанында, екіншісі инфекция бөлімінде орналасқан. Аурухана жанында орналасқан кислород гинекология, терапия, хирургия, оперблок, приемпокой, балалар бөлімі барлығына қажетті кислородпен қамтамасыз етіп тұр.

Амангелді Сейітхан

Хабарламаларға жазылу