Италия фермерлері ереуілге қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Италия фермерлері ереуілге қосылды

01.02.2024

Еуропаның бірнеше елінде өтіп жатқан шеруге Италия фермерлері де қосылды. Олар үкіметтен экологиялық талаптарды жеңілдетуді, бағалардың өсуін тоқтатуды және өздерін арзан импорттан қорғауды талап етіп жатыр. Айта кетсек, Бельгия, Франция мен Польша шаруалары да осы талаптарды айтып, ереуіл жариялаған еді. Италия фермерлері Миланға, Тоскана тәрізді елдің бірнеше өңіріне апаратын жолдарды тракторлармен жауып тастады. Еуропа елдеріне ортақ мәселеге Еуропалық комиссия пікір айтты. Атқарушы орган Украинадан ауылшаруашылық өнімдерін импорттауды шектеу мен экологиялық ережелердің кейбіреуін жеңілдетуді ұсынып отыр.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу