Германияда кәсіподақтар ереуіл жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Германияда кәсіподақтар ереуіл жариялады

27.03.2023

Германияда ереуілге байланысты жолаушылар тасымалы қиындап кетті. Пойыздар, ұшақтар мен қоғамдық көлік тоқтап тұр. Елдегі еңбек кәсіподақтары бір күндік ауқымды ереуіл жариялаған. Наразы топтың басты талабы - жалақыны ең болмағанда 10 пайызға өсіру. Соңғы бірнеше жылдағы ең ірі ереуіл теміржол және кемемен жүк тасымалдауға да кері әсерін тигізді. Себебі порт қызметкерлері де наразылық акциясына қатысып жатыр. Ереуілге байланысты көптеген қызметкерлер қашықтан жұмыс істеуге мәжбүр болған.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу