Қазақстан коронавирус қаупі жоғары елдердің тізімін кеңейтті

17.03.2020
Қазақстан коронавирус қаупі жоғары елдердің тізімін кеңейтті

Қазақстан коронавирус қаупі жоғары 1а санатындағы мемлекеттердің тізімін кеңейтті. 

«Бүгіннен бастап бас санитарлық дәрігердің жаңа қаулысына күшіне еніп отыр. Бұл жаңа қаулы бойынша бірнеше мемлекет тізімге қосылды пен санитарлық режім күшейтілді. 1 «а» санатына бүкіл азаматтар карантинге жатқызылуы тиіс мемлекеттерге – Франция, Иран, Италия, Испания және Германия мемлекеті кіретін болады. Ал 1 «б» санатына Қытай, Корея, бүкіл Шенген аймақтағы мемлекеттер міндетті түрде үй карантиніне жатқызылады. Бұрын қабылданған шешім бойынша 1 «а» және 1 «б» санатындағы мемлекеттерден шетел азаматтарына Қазақстанға кіру тыйым салынған», - деді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов онлайн форматта өткен баспасөз мәслихатында.

Хабарламаларға жазылу