БҚО-да мектептің жертөлесінде жанғыш заттар сақталған
Батыс Қазақстан облысындағы 24 мектептің жертөлесінде жанғыш заттар сақталған. Мұны Бөрлі аудандық прокуратурасы жариялады. Талдау барысында білім ошақтарында өрт қауіпсіздігі ережелері сақталмағаны анықталды. Атап айтқанда, мектеп ғимаратында өрт шыққан жағдайда сумен қамту көзі жоқ, өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтар бекітілмеген, дабыл құралдары жұмыс істемейді. Осындай заң бұзушылықтарға қарамастан, мектеп директорлары кем-кетікті жоюға тырыспаған. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша 24 мектептің басшылығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО-да көпірлердің техникалық жағдайы тексеріліп жатыр
17.09.2025, 20:42

Алматыда қала көшелері су астында қалды
17.09.2025, 20:19
Интернет алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
17.09.2025, 20:19
Елімізде архив қызметкерлерінің жалақысы өседі
17.09.2025, 20:15
Болашақтың айқын бағдары
17.09.2025, 20:08
Интернетте экстремистік идеялардың таралуына қарсы тұру маңызды
17.09.2025, 20:07
Astana Motors: көлік бағасы арзандады
17.09.2025, 20:06
Астана - әлемдік дін көшбасшыларын біріктіретін алаң
17.09.2025, 20:03