Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімов өзінің қолжазбаларын, ордендерін және өзге де заттарын архивке тапсырды. Осыған орай Алматыдағы мемлекеттік архивте «Кино және театр тарланы – Асанәлі» музей-бұрышының салтанатты ашылуы өтті.
Асанәлі Әшімовтың жеке қоры архивке 438-ші болып тіркелді. Құжаттар саны 200-ден асады. Кез келген қала тұрғындары мен қонақтары архивтегі заттарды алдын-ала өтінім беру арқылы көре алады. Қазақстанның Еңбек Ері біз ары кетсе жүз жасармыз, ал бұл заттар мың жасайды дейді.
Асанәлі Әшімов, Қазақстанның еңбек ері, театр және кино режиссері:
Бұл деген сөз тарих. Келешекке керек. Келешек ұрпаққа керек. Әр қойылған экспонат бұл тарихи еңбектерің сенің жазған. Түскен суреттерің. Фильмнен, театрдан кадрлер бар. Мұның барлығы тарих.
Қуан Нұрақын