Қостанай облысында дәл осылай көшеде сырғанақ тепкен. Жітіқара қаласының тұрғындары жол ережесін өрескел бұзып, өзі мен өзгелердің өмірін қатерге тіккен. Тәртіп сақшылары заң бұзушыларды тоқтатқанда, жүргізушінің техникалық тексеру құжаты да болмай шықты. Полиция көлікті айып тұрағына қойды. Ал жүргізуші мен көлікке тіркеліп сырғанақ тепкен азаматқа 100 мың теңгеден айыппұл салынды. Бұған дейін Батыс Қазақстан облысында осылай көңіл көтеру кезінде газ бағанына соғылып, бойжеткен қаза тапқан еді.
Дәуренбек Әбдібек