Қарағандыда аттракцион нұсқаушысы қамауға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда аттракцион нұсқаушысы қамауға алынды

12.10.2021

Қарағандыда ғимараттан беліне арқан байлап секірген әйелдің өліміне аттракцион нұсқаушысы себепкер екені анықталды. Тергеу кезінде роуп-джампинг нұсқаушысының қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзғаны белгілі болды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Енді ол 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Еске салсақ, 10 қазан күні экстремалды аттракционға барған 33 жастағы әйел арқан босап кетіп, бетон үстіне құлап қайтыс болған еді.

Бақытжан Құдияров, Облыстық полиция департаментінің ресми өкілі:

Тергеу барысында полиция қызметкерлерімен 32 жастағы аттракцион нұсқаушысы анықталды. Оның қауіпсіздік ережесін өрескел бұзғаны анықталды. Қазіргі таңда күдікті ҚР Процессуалдық кодексінің 128 бабына сәйкес ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жалғасуда.


Хабарламаларға жазылу