Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданына қарасты Ботақара кентіндегі газ баллоны жарылысынан кейін жергілікті сипаттағы төтенше жағдай жариялады. Соның негізінде қаражат бөлу мәселесі қарастырылады. Сондай-ақ қаза тапқандардың отбасына, зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсетіледі. Залалды бағалау үшін арнайы комиссия құрылды. ҚазМИРР сарапшыларының қатысуымен опырылған үйдің жағдайы тексеріліп жатыр. Тұрғындар әзірге туыстарының үйіне орналасқан. Аудан әкімі Абылай Сұлтанғазин баспана мәселесі шешілетінін жеткізді. Айта кету керек, бұл тұрғын үй мемлекеттік бағдарлама аясында әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға берілген. 12 пәтердің біреуі ғана, тек сол жарылыс болған үй ғана меншікте болған. Қалғаны коммуналдық меншіктегі пәтерлер.
Абылай Сұлтанғали, Бұқар жырау ауданының әкімі:
Қазіргі таңда біз ол кісілерге жалдамалы үйді шешіп береміз. Ары қарай үйдің мәселесін толығымен шешетін боламыз. Ол қазір жаңадан үй салынады ма, басқа жағынан болады ма қарастырамыз. Онымен айналысамыз. Бірінші кезекте мына үйді мамандар тиісті сараптамадан өткізеді. Әлеуметтік жағдайы төмен, әр санаттағы адамдарға берілген үй. Сондықтан сол санаттағы адамдарға беріледі.
Руслан Нұрланұлы