Маңғыстауда аққулардың жаппай қырылуы азайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда аққулардың жаппай қырылуы азайды

30.01.2024

Маңғыстауда аққулардың жаппай қырылуы азайды. Мамандар соңғы 3-4 күнде көл аумағынан өлексе таппаған. Дегенмен әр жерде бірен-саран өлі құс кездесуі мүмкін. Бірақ көлге мұз қатқандықтан, оларды жинау мүмкін болмай тұр,- дейді жауаптылар. Айта кетейін, Қарақия- Қаракөл қаумалындағы Қаракөл көлінде қыстап жатқан аққулар, желтоқсан айынан бастап жаппай қырылды. Осы кезге дейін 1200 ге жуық өлексе жиналып, жойылған. Зерттеулер нәтижесінде қанаттылардың құс тұмауынан өлгені белгілі болды.

Аягөз Оралбайқызы


Хабарламаларға жазылу