Қарағанды облысында газ баллоны жарылып, 2 адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында газ баллоны жарылып, 2 адам қайтыс болды

30.01.2024

Қарағанды облысының Ботақара кентіндегі екі қабатты тұрғын үйде газ баллоны жарылды. Екі адам қаза тапты. 5 адам ауруханаға жеткізілген. Төтенше жағдайлар департаменті жарылыс болған баспанада Өзбекстан азаматы жөндеу жұмыстарын істеп жатқан деген алдын ала болжам жасап отыр. Бірер күн бұрын мұнда газ баллоны әкелінген. Өңірдегі тілшіміз Руслан Нұрланұлы баяндайды.

Руслан Нұрланұлы, тілші:

Ботақара кентінің М. Әуезов көшесіндегі 12 пәтерлі үйде түнгі сағат 00:00-ден аса газ баллоны жарылған. Салдарынан ортасынан опырылып түскен. Бұл үйде барлығы 46 адам тұрады. Апат кезінде мұнда 35 адам болған. 7 адам құтқарылған. Оның 3-уі бала. Өкінішке қарай, апат кезінде 2 адам қайтыс болды. Балаларды қоса санағанда, 5 адам ауруханаға түскен. Жарылыс үйдің екінші қабатындағы №10 пәтерде болған. Онда екі Өзбекстан азаматы жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан. «Ауруханаға түскендердің бірінің жағдайы өте ауыр, ал 4 науқастың жағдайы орташа»,-дейді дәрігерлер. Қазір оқиға орнында үйінділері тазарту жұмыстары жалғасуда. Үйде 12 пәтер болса, түгелі дерлік зақымданған. Шатыры, терезелері толығымен қираған. Тұрғындар туыстарына және уақытша орындарға орналасқан.

Руслан Нұрланұлы


Хабарламаларға жазылу