Ақтауда «Адай жылқысы» брендін қалыптастырып, асылтұқымды жануардың санын көбейтіп, зерттеу жұмыстарына қолқабыс етіп жүрген азаматтар марапатталды. Былтыр «Ұлы дала жорығы» атты марафон-бәйгеде маңғыстаулық «Көкмойнақ» командасы топ жарған еді. Сол кезде Адай жылқылары Астанадан Түркістанға дейінгі 1200 шақырым қашықтықты 12 күнде бағындырған. Содан кейін Мемлекет басшысы қазақтың «Адай жылқысын» ұлттық брендке айналдырып, «асылтұқымды» мал ретінде тануды тапсырған болатын. Содан бастап мемлекеттік комиссия құрылды. Олар Адай жылқысына қатысты 1400-дей дерек жинаған. Мамандар әр жылқының генетикалық құрылымын ғылыми сынақтан өткізген. Зерттеулер нәтижесінде Адай жылқысының бір емес, 6 тұқымы «селекциялық жетістік» ретінде тіркеліп, патент берілді.
Айдын Артықова, Ұлттық зияткерлік меншік институты директорының орынбасары:
Бұл патенттеу деген тек қана селекциялық жетістіктерді қорғау ғана емес, сонымен қатар, оның септігі ұлттық ойындардың дамуына үлесін әкеп соғады жанағы көкпар дейміз. Бұл 3-ші тұлғаларға осы Адай атауын жылқыларға пайдаланбауға тыйым салу құқығына ие болады.
Аягөз Оралбайқызы