Тәуелсіздік күні қарсаңында ұлағатты ұстаздар марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәуелсіздік күні қарсаңында ұлағатты ұстаздар марапатталды

13.12.2019

Тәуелсіздік күні қарсаңында ұлағатты ұстаздар марапатталды. Шабыт Өнер Университетінде өткен салтанатты жиынға еліміздің үздік оқытушылары мен білім беру саласында қызмет етіп жүрген мамандар жиналды. Мерекелік жиынға қатысқан білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов елдің болашағы үшін мұғалім мамандығының қаншалықты маңызды рөл атқаратындығын тілге тиек етті. Өз ісімен дараланған ұстаздарға министр мемлекеттік наградаларды табыстап, қызметтеріне табыс тіледі. 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу