Балаларға арналған күмәнді тағамдарды тексеру ұсынылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балаларға арналған күмәнді тағамдарды тексеру ұсынылды

25.01.2024

Балаларға арналған шетелдік түрлі тәттілер мен тез дайындалатын кеспелерді шұғыл тексеру керек. Бүгін сенатор Бибігүл Жексенбай Үкімет басшысына осындай сауал жолдады. Депутаттың айтуынша өмірге қауіп төндіретін өнімдер сатылымда көп. Елге тонналап әкелінеді. Ең қорқыныштысы, олардың бір бөлігі мемлекет тексеретін және азық-түлік қауіпсіздігін қатаң сақтайтын ірі зауытарда емес, көшеде және жертөледе жасалуы мүмкін.Сондықтан сенатор стандарттау және сертификаттау қызметін қатаң бақылауға алып, зиянды тағамдарға, қанты көп, энергетикалық түрлі сусындарға қосымша салық салу мәселесін қарастыруды ұсынды.

Бибігүл Жексенбай, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Еліміздің арнайы заңдарына сәйкес, әр өнімде қазақ немесе орыс тілдерінде шығарушы туралы, құрамы, пайдалану мерзімі туралы ақпарат болуы тиіс. Алайда, дүкен мен базарларда саудаланатын бағасы арзан, көздің жауын алатын зиянды тағамдар бойынша осы талаптардың орындалуына бақылау бар ма?

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу