Еліміздегі мектеп асханалары талапқа сай емес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі мектеп асханалары талапқа сай емес

08.04.2018

Өзге өңірлерді қоя тұрып, бас қала деп отырған Астанадағы асханаларды алайық. Тұтынушылар құқығын қорғау қоғамдық бірлестігі мұндағы 84 мектепке тексеру жүргізіп, жартысынан көбінде олқылықтар бар екенін анықтады. 

Мұндай кінәраттардың барына ата-аналар да әлдеқашан көз жеткізгенімен, қолдан келер шара жоқ. Асханалардың санитарлық жағдайы сын көтермейді. Енді бірі құнарсыз, дәмсіз, дәруменсіз тағамдарды балаларға ұсынып келеді. Сапасыз тағамның салдарынан соңғы 5 жылда мектеп оқушыларының 22 пайызы түрлі ауруға шалдыққан. Оқушылардың 50 пайызы ішек жолдары, 69 пайызы қан аздықпен науқастанады. 

Әрбір бесінші баланың семіздікке ұшырауы да осы дұрыс тамақтанбаудан болады. Уақытының көбін мектепте өткізетін балалардың тамақтану жүйесі неге дұрыс ұйымдастырылмай келеді? Мұны шешудің басқа амалы бар ма? Тілші зерттеуінде.

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу