«Көліктер-3» мультфильмі қазақ тілінде шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Көліктер-3» мультфильмі қазақ тілінде шығады

26.05.2017

Қазақшаға дубляждалған «Көліктер-3» мультфильмі көрермендерге 15 маусымда жол тартпақ. Туынды «Болашақ» Корпоративтік қоры және «Марвин» компаниясының қолдауымен аударылды. «Өзіңнен баста!» жобасы аясында бүгінге дейін шетелдік 8 туынды қазақ тіліне аударылып, жұрт назарына ұсынылды.

Сондай-ақ, балаларға арналған өнімдер кинотеатрдан бөлек, мектептерде, кітапханалар мен ұшақтарда да көрсетіледі

Хабарламаларға жазылу