Павлодар облысындағы «МайқайыңАлтын» кен байыту комбинатына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Кәсіпорынға тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзды деген айып тағылып отыр. Полиция 40-тан аса жұмыскер мен комбинат басшылығынан жауап алған. Апат болған аумақтың бейнежазбалары да, іс материалдарына тіркелді. Тергеу барысы бас прокуратураның бақылауында болады.
Естеріңізге сала кетейік, 4 қаңтар күні шахта аумағында жол опырылып, кәсіби апаттық-құтқару қызметінің 4 қызметкері отырған автобус шыңырауға құлаған болатын. Екі адамның денесі сол күні шығарылды. Автобус жүргізушісі мен тағы бір құтқарушы әлі іздестіріліп жатыр. Бұл жұмыстарға 147 адам, 45 арнайы техника жұмылдырылған.