Павлодарда шахтадағы апатқа қатысты қылмыстық іс қозғалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда шахтадағы апатқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

05.01.2024

«Майқайыңалтын»- кен байыту фабрикасындағы апатқа қатысты қылмыстық іс қозғалды.,Екі немесе одан да көп адамның абайсызда қайтыс болуына әкеп соққан оқиға кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу фактісі болуы мүмкін. Осындай күдік бойынша полиция Қазақстан Республикасы ҚК 277-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тәжірибелі тергеушілер қатарынан арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Тергеу ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында.

Болат Аманбаев


Хабарламаларға жазылу