Павлодар облысындағы «Майқайыңалтын» кен байыту комбинатына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Кәсіпорынға тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзған деген айып тағылып отыр. Полиция 40-тан аса жұмыскер мен комбинат басшылығынан жауап алған. Апат болған аумақтың бейнежазбалары да іс материалдарына тіркелді. Тергеу барысы бас прокуратураның бақылауында болады.
Естеріңізге сала кетейік, 4 қаңтар күні шахта аумағында жол опырылып, кәсіби апаттық-құтқару қызметінің 4 қызметкері отырған автобус шыңырауға құлаған болатын. Екі адамның денесі сол күні шығарылды. Автобус жүргізушісі мен тағы бір құтқарушы әлі іздестіріліп жатыр. Бұл жұмыстарға 147 адам, 45 арнайы техника жұмылдырылған.
Болат Аманбаев