Өлкетанушы: Тарихи кешенді бұзуға болмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өлкетанушы: Тарихи кешенді бұзуға болмайды

22.01.2024

Шымкентте ХІХ ғасырда тұрғызылған Жәми мештінің жанындағы қосымша ғимарат бұзылып жатыр. Нысан Орталық Азияның сәулет үлгісі бойынша тұрғызылған екен. Алайда, сараптама қорытындысы бойынша, апатты деп танылған. Көне ғимаратты бұзуға қала жұртшылығы мен өлкетанушылар наразылық білдіріп жатыр. Олар, тарихи кешен құрамына кіретін бұл бөлікті реставрация жасау арқылы сақтап қалуға болар еді деген пікірде.

Сейдалы Дүйсебайұлы , өлкетанушы:

 Ескерткіштің маңыздылығы Орталық Азия стилінде кең таралған Ташкент-Ферғана стилі дейміз, ұстынды ағаштан салынған ерекше сәулет стиліне жатады. Оны қалпына келтіріп, реставрация жасауға болатын еді.

Қиратылып жатқан жердің аумағы 150 шаршы метр. Діни басқарма ғимараттың жарамасыздығы туралы дәйектеме мен сараптама қорытындыларына сүйене отырып, жергілікті әкімдіктен оны бұзу туралы рұқсат алған. Енді, оның орнына демеушілер есебінен жаңа медресе тұрғызылмақ.

Нұрбол Жүнісбеков, сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы:

Жобалаушы мекеменің сол ғимарат туралы барлық мәлімдемесі, арнайы зерттеулері болған. Ғимарат жарамсыз деп тауып, оның орнына замануи медресе салу бойынша жоба ұсынылған. Сондықтан басқарма тарапынан бұзуға рұқсат берілген.

Ғани Қалмаханов


Хабарламаларға жазылу