Италияға ресми сапары кезінде Мемлекет басшысы Біріккен Ұлттар Ұйымына қарасты Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының бас директорымен кездесті. Тараптар жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің және агроөнеркәсіп кешенінің орнықты дамуын ілгерілетудің маңыздылығына назар аударып, Қазақстанның Ұйыммен ынтымақтастығын нығайту жайы сөз болды. «Қазір азық-түлік тапшылығы – жаһандық күн тәртібіндегі өзекті проблеманың бірі. Қазақстан бұл мәселені шешуге өз үлесін қосуға ұмтылады. Біздің еліміз дәнді дақылдар өсіру жөнінен алдыңғы қатарда. Бидай экспортының көлемі шамамен 6 миллион тоннаға жетеді», – деді Президент. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы осы ұйымда жұмыс істейтін қазақстандықтармен кездесті.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
БҰҰ-ның жүйесінде жұмыс істеген бір жағынан күрделі, жауапты бірақ өте маңызды. Сондықтан баршаңызға табыс тілеймін.
Досжан Маратұлы