Қазақстандықтар Сейшель аралдарына визасыз бара алады
Қазір қарулы қақтығыс болып жатқан Йемен аймағында бір де бір қазақстандық жоқ. Мұны елдің сыртқы істер министрлігі мәлімдеді. Айбек Смадияров қазақстандықтар үшін тағы бір елмен визасыз режим енгізілгенін жеткізді. Енді Сейшель аралдарына 30 күнге дейін емін-еркін саяхаттауға болады. Атақты Мадагаскар аралының солтүстік-шығысындағы мемлекетте еңбек етіп, білім алам десеңіз қосымша виза алу міндеттелген. Сондай-ақ, Кореядағы отандастарымызға қатысты ақпаратпен бөлісті. Айтуынша заңды түрде жүрген 20 мыңнан аса қазақстандық түрлі салада еңбек етіп жатыр.
Айбек Смадияров, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:
Егерде қандай да бір Қазақстанның азаматы Кореяның аумағына барып жұмыс істеймін десе еш кедергі жоқ. Тек екі ел арасындағы визасыз режимді қолданып, пайдаланып екі мемлекетті де алдап, екі үкіметті де алдап барып өздері заңсыз қалып отыр. Бізде бірнеше дәрігер бар ол жақта, жоғары білімді мамандар, IT-мамандары жұмыс істеп жатыр, Кореяның аумағында.
Тәуірбек Бозекен
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Әмеңгер» фильмі көрерменге жол тартты
18.09.2025, 22:29

Қазақстанда жасанды интеллект министрлігі құрылады
18.09.2025, 22:18
Президент Туризм және спорт министрін қабылдады
18.09.2025, 22:14
Hyundai көліктеріне төмен пайыздағы несие ұсынылады
18.09.2025, 21:38
Суперкомпьютер – жасанды интеллекттің қозғаушы күші
18.09.2025, 20:17
Ресей православ шіркеуінің басшысы Қасиетті Успен кафедралдық соборында молебен өткізді
18.09.2025, 20:09
Қазақстан бүкіл әлемге үндеу жасады
18.09.2025, 20:07
Мемлекет басшысы Шахмұрат Мүтәліпті қабылдады
18.09.2025, 20:05