Елімізде салық төлеу мәдениеті қалыптасты ма? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде салық төлеу мәдениеті қалыптасты ма?

14.01.2024

Қарапайым адамдар: бізге 30 жылдан астам уақыт бұрын өз күніңді өзің көр деген. Енді өкіметқолын шеңгелдеп салып, көп салық салмақ деп есептейді. Смартфон арқылы аударым жасау, кю-ар код арқылы есептесуге байланысты талқы – салық төлеу мәдениетінен бастап, онда билік неге салықтардың бәрін ашып көрсетпейді, бәріміз жинап берген салыққа салынған дүниелер сапасыз болып шығады, неге тендер маңында жемқорлық азаймайды дегенге дейін. Мәселе ойын ережесінбарлық тараптың сақтағанында болса керек. 

Жалпы, дүниенің қай бұрышында да салыққа риза емес адам аз емес. Тіпті спорт, мәдениетке қатысты азаматтар соттасып жатады. Мысалы менің есіме атақты актер Жерар Депардьенің 2012 жылдың соңында француз паспортынын бас тартқаны түсті. Тіпті оған Ресей құрамындағы Чешенстан басшысы Қадыров Рамзан оған 5 бөлмелі пәтер сыйлаған. «Бұл қалай?» деп наразы болған отандастарына«пайданы ғана ойлайтындар үшін қысыламын, біз тамыры терең халықпыз, алға ұмтылуымыз керек, бір орында тұрып қалмай» деп жауап берген еді...2013 жылы Францияда табысы 1 млн евродан асатындарға салынатын табыс салығы 75 процентті құраған. 

Сонымен таксишілердің келіншектеріне ақша жіберуді қойып, енді телефонына бірлік сала бастаған қазіргі ахуалды Амангелді Сейітхан сипаттайды. 

Жаңа жыл басталғалы кейбір дүкендер тұтынушыдан тек қолма-қол ақша сұрап жатыр. Ал Астана базарында зат сататын Берік Арғынбаев мобильді аударымдарды тексеруге де, онлайн төлемге де қарсы емес. Бірақ, мәселе «кюар» жүйесінде,-дейді.

Берік Арғынбаев, Сатушы:

Тиімсіз «кюар»деген. Себебі неге десеңіздер «кюардың» 3 пайыз салығы бар.

Гүлжан Наурызбайқызы, Сатушы:

100 теңге «кюарға» салатын болсам, 5 теңге ұстап қалып жатыр. Мен налог төлеймін еще «кюарға» процент төлеймін. Сонда не болды?

Осылайша 1 емес 2 рет шығынға батамыз деген кәсіпкерлер Үкіметтен «кюардың» процентін төмендетіп берсін деп сұрап отыр.

Тимур Жәркенов, «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының Орынбасары:

Ұлттық банк тарапынан жұмыс жасалып жатыр. Яғни, пайызы төмен төлем жүйесін құру бойынша. Ал банктерге комиссияны төмендет деу орынсыз. Олар да нарық пен бәсекеге сай солай жасап отыр.

Қаржы сарапшысы Сәбит Рысбаевтың сөзіншеөзге елдерде мұндай комиссия өте төмен.

Сәбит Рысбаев, Қаржы Сарапшысы:

Ал Еуропада 0,02-ден 0,03-ке дейін. Декбиттік карталарға Еуропада 0,02-ақ пайыз. Ал кредиттік карталарға 0,03 пайыз. Қытайдың өзінде. Ал, бізде 0,95-тен басталып 3,3 ке дейін кетеді. Мұның өзі кәдімгі салық болып тұр ғой қарапайым кәсіпкерлерге.

Ал экономист Айбар Олжай әлеуметтік желігебылай жазды: «Kaspi bank 2023 жылдың 9 айында кредит беруден 239 миллиард теңге, ал комиссиядан 293 миллиард теңге таза пайда тапты. Яғни, каспи үшін комиссия кредиттен де көп пайда әкеліп отыр».

Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы» мәліметінше былтыр қолма-қол ақшасыз төлем үлесі 86 пайыз болған. Ал, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасыдерегінше мобильді аударымдар көлемі 100 трлн теңгеден асқан.«Бұл үлкен сұрақ тудыратын сан»,-деді олар.Сондықтан мобильді аударымдарды тексерудегі мақсат - көлеңкелі кәсіп жасап жүргендерді анықтау.

Бауыржан Ысқақов, Экономист:

Біздің экономиканың 3-тен бір бөлігі көлеңкелі экономикада.Бұл президенттің өзі баяндамасында айтылған ресми ақпарат. Бір дүниені ескеруіміз керек. Біз қазір дүкендерді айтамыз. Такси қызметін айтамыз. Яғни, мынау негізгі көзімізге көрініп тұрған азаматтармен жұмыстар жасалып жатыр. Ал солардың өздерінің өз уәждері бар. Ол қандай. Мысалы, ол базардағы картошканы сатушы азаматтар 100 тг-ге алып, 120 тг-ге сатса. Бірақта, солар 100 тг-ге алған тасымалдаған делдалдардың қызметтері заңсыз болғандықтан, олар барлық 120 тг-ге салық төлейміз бе деген сияқты. Оны да түсінуге болады.

Мұндай мысал басқа салада да бар.

Шәміл Қарақожа, Кәсіпкер:

Мысалы біз аяқ киіммен айналысқанда мен 10 мың теңгеге аяқ киімді көтерме бағаға алатын болсам, кейін сатушыға 15мыңға сатсам. Жаңағы салық органдары ойлайды мен 15 мың теңге тапты деп. Сол үшінде жаңағы айтқандай бүкіл жерде барлығын талап ете алуымыз керек.

Көлеңкелі экономикаға көшедегі такси қызметіде кіреді. Сондықтан оларға 1 пайыз салық төлеу міндеттелмек. Ол үшін таксистер жеке кәсіпкер болып тіркелуі тиіс. Бірақ мәселе де осы тұста. Өйткені жеке кәсіпкердің салықтан басқа міндетті төлемдері бар.

Сәбит Рысбаев, Экономист:

«ИП» ашқаннан кейін сен міндетті түрде өзіңе айлық жазуың керек. Ол кемінде 85 мың теңге. Сен одан 8500 теңге зейнетақыға аударасың. Сосын МӘМС-ке ақша аударасың. Айналып келгенде 1 айда кемінде 18500 теңге аударып отыруың керек болады. Одан бөлек 6 айда бір сен есеп жүргізуің керек. Сен декларация тапсыруың керек. Оны мен көшедегі таксист тапсыра алады деп ойламаймын. Оған сен бухгалтер жалдауың керек.

Ал кәсіпкер Шәміл Қарақожа, керісінше таксистерге тиімді жағдай жасалып отыр,-деп есептейді.

Шәміл Қарақожа, Кәсіпкер:

Мысалы ары кеткенде 100 мың тг табатын такси жүргізушісін айтатын болсақ, ол кәсіпкер болып тіркелсе 1 пайыз салық 1000 теңге. Одан бөлек міндетті төлемдер, медициналық сақтандыру соның барлығы 17 мың теңге. Енді дәл осылай кәсіпкер болып тіркелмеген жеке тұлға болып біреуге жұмыс жасайтын адам 100 мың теңге айлық алса, Оның салығы жаңағы 100 мың теңге табатын таксистен де көп.

Такси қызметкерлеріне одан да жеңіл болуы үшін 1 пайыз салықты өндірудің басқа жолы да қаралып жатыр.

Ержан Біржанов, ҚР Қаржы вице-министрі:

Мысалы, операторды біз салық төлеуші ретінде қарауға ұсыныс айтып жатырмыз. Мысалыға, егер таксист өзі оператор арқылы жұмыс жасайтын болса ол салықты оператор ұстап, бюджетке аударса, біз оны сондай міндеттен босатуды қарастырып жатырмыз.

Бірақ ешбір мобильді қосымшаға тіркелмей, өз көлігімен аудандар мен ауылдарға адамтасымалдайтындар қалай бақыланатыны белгісіз. Сондай таксистерден «салық төлейсіз бе?» деп сұрағанбыз.

Анарбек Құралұлы, такси жүргізуішісі:

Төлеуге болады ғой. Бірақ, сол төленген ақша қайда кетіп жатыр? Мысалы үшін біз Малиновкіге барамыз қотыр жолдармен. Ходовкамызды әр ай сайын істейміз.

Демек мәселенің қоғамда мұнша ушығуы салықты төлеу немесе төлемеуде ғана емес, жиналған қаржының қалай жұмсалып жатқанына да қатысты сияқты.

Амангелді Сейітхан


Хабарламаларға жазылу