Елімізде салық төлеу мәдениеті өсіп келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде салық төлеу мәдениеті өсіп келеді

27.06.2017

Бұл туралы бүгін халық алдында есеп беру кезінде Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді. Мысалы, төрт жыл ішінде салық және басқа да міндетті төлемдерді төлеу еріктілігі коэффициенті 95%-дан 98,5%-ға өскен. Яғни, салық төлеушілердің көбісі салықтарды мемлекеттің мәжбүрлеуінсіз және жазалаусыз төлейді. Бұдан басқа, «Мемлекеттік сатып алу туралы» және «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңдар жаңартылды. Бұл - бюджет қаражатын ұтымды пайдалану мен заңбұзушылықтарға жол бермеуге мүмкіндік берді.

Министр атап өткен келесі мәселе: барлық сатып алуды бірыңғай порталға біріктіруді көздейтін заң жобасы дайындалуда. Осы міндетті шешу арқылы сатып алу процестерінің айқындылығы мен әділеттілігі қамтамасыз етіледі. Қаржы министрінің есеп беру жиынында бюджет шығыстары бойынша да мәліметтер айтылды.

 

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу