Қазақстан – ауқымды демократиялық реформаларды жүргізу бойынша Орталық Азиядағы көшбасшы ел - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан – ауқымды демократиялық реформаларды жүргізу бойынша Орталық Азиядағы көшбасшы ел

12.01.2024

Қазақстан – ауқымды демократиялық реформаларды жүргізу бойынша Орталық Азиядағы көшбасшы ел. Еліміз бұл бағытта нақты қадамдар жасап жатыр. Қазақстан Суперпрезиденттік басқару үлгісінен мықты Парламенті бар президенттік басқару жүйесіне бет бұрды. Мәжілістің өкілеттігі едәуір кеңейтілді. Оның құрамы 107 депутаттан 98-ге қысқарды. Депутаттардың 69-ы партиялық тізіммен болса, 29-ы бір мандатты округтен сайланды. Ресми саяси партияларды тіркеу шегі 20 мыңнан 5 мың адамға дейін азайды. Аудандық және қалалық деңгейдегі әкімдердің сайлауы өтті. Митингілер туралы жаңа заң қабылданды. Онда рұқсат алудың орнына, алдын ала ескерту тәртібі енгізілді. Петицияларды жариялау және қарау тәртібін реттейтін заң қабылданды. Елімізде Адам құқықтары жөніндегі омбудсмен институты конституциялық мәртебеге ие болды. Азаматтардың әл-ауқатын көтеру мақсатында Әлеуметтік кодекс жаңартылды. Қауіпті өндіріс орындарында еңбек ететіндерге арнайы төлем бекітілді. Сондай-ақ, еліміз өлім жазасын жойды. Бұл адамның негізгі құқықтарын, соның ішінде өмір сүру құқығын сақтауға бейілдігін көрсетеді. Азаптағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қатаңдатылды. Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік күшейтілді. Сонымен бірге, Қазақстанда Констуциялық сот қайта құрылды.


Хабарламаларға жазылу